Армения Әзербайжанның шекаралық аймақ туралы ақпараты жалған екенін хабарлады

1488
Adyrna.kz Telegram
Фото: puteshestvuy.com
Фото: puteshestvuy.com

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің Армения Республикасының Қарулы Күштері шекаралық аймақтың әртүрлі бағыттарында жеке құрамның, броньды техниканың, артиллерияның және басқа да атыс қаруларының жинақталуы мен белсенді қозғалысын жүзеге асырып жатыр деген ақпараты шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Армения Республикасының қорғаныс министрлігі айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Армения Республикасының Қорғаныс министрлігі 30 наурызда бірқатар телеграм-каналдарда оқу-жаттығу процесі аясында автошеру жасап жатқан жалдамалы жүргізушілердің фотосуреттері таратылып, мұны әскерлердің қозғалысы ретінде көрсетуге тырысқанын хабарлады.

Сондай-ақ, Ресей Қорғаныс министрлігі Армения-Әзербайжан мемлекеттік шекарасындағы соңғы операциялық жағдайды тұрақты деп бағалайды және шекараны қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет деп санамайтыны жазылды.

Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжан Арменияға ызбарлы ескерту жасағанын хабарлаған едік.

Пікірлер