Әзербайжан Арменияға ызбарлы ескерту жасады

2157
Adyrna.kz Telegram

Әзербайжан мен Армения шекарасында түрлі қозғалыстар байқалуда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеп. 

Соңғы уақытта екі ел арасында әртүрлі бағытта адам күшінің, броньды техниканың, артиллериялық қондырғылардың, сондай-ақ басқа да ауыр атыс қаруларының шоғырлануы және Армения қарулы күштері әскерлерінің қарқынды қозғалысы байқалды.

Арменияда Әзірбайжанды соғыспен қорқытқан реваншисттік күштердің күшеюі байқалды.

Әзербайжан билігі ақпарат кеңістігінде жағдайды шиеленістіруге бағытталған жалған ақпараттардың таралып жатқанын айтады.

"Армения қарулы күштерінің Әзірбайжанға қарсы кез келген әскери арандатушылық әрекетін Әзірбайжан армиясы түбегейлі басып тастайтынын ескертеміз. Жағдайдың шиеленісуіне және ықтимал арандатушылыққа барлық жауапкершілік толығымен Армения мен оның меценаттарына жүктелетінін тағы да мәлімдейміз", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер