Ресей әскері дронмен Донецк облысында орналасқан жүк пойызына шабуыл жасады. Бұл туралы Украина темір жолының ("Укрзализниця") баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Компанияның мәліметінше, шабуыл салдарынан машинист жарақат алған. Ер адам ауруханаға жатқызылды.
«Теміржол қызметкері ауруханаға жеткізілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Пойыз қозғалысы тоқтатылмады»,–делінген хабарламада.
Компания украин теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамына бағытталған Ресей шабуылдарының жалғасып жатқанын атап өтті.
«Майдан шебіне жақын учаскелерде жұмыс істеудің қауіптілігіне қарамастан, Укрзалізниця машинистері батылдықпен жұмысын жалғастырып жатыр»,—делінген мәлімдемеде.
Украина әскери күштері өткен түнде елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Ресейдің 55 «Шахед» дронын атып түсіргенін айтты.
Осылайша Ресей Украина билігінің 12 мамырдан бастап 30 күнге атысты толық доғару туралы үндеуін елеусіз қалдырып отыр.