Экс-президентті "Нұр-Қаған" атаған жазушы қайтыс болды. Президент көңіл айтты

1339
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
Көрнекті қаламгер, драматург, жазушы Сәбит Досанов қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Сәбит Досанов - "Отан" орденінің иегері, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты. Ол 84 жасында өмірден өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  қаламгер дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосты. Ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнады. Көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланды. Соңына өшпес әдеби бай мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Сәбит Досанов Президентке арнаған мадақтама жыр-шумақтарын жазған. Ол Абылай ханнан Назарбаевты биік қойып, төгілте жырлаған.

Жазушы Африкадағы Дүнду, Қазақстандағы Қостанай қалаларының, Ақсуат, Аманкелді аудандарының құрметті азаматы атанған. Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы көзі тірісінде «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар, адамдар» атты кітаптарды жазды.

Пікірлер