Ақын Ұларбек Дәлейұлы өзінің фейсбуктегі парақшасында жазушы, драматург әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы Сәбит Досановтың Президентке арнаған мадақтама жыр-шумақтарын жариялады. Абылай ханнан Назарбаевты биік қойып, төгілте жырлаған жазушының әрекеті қалың көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.
Бұған қатысты ақын Ұларбек Дәлейұлы төмендегідей жазды:
- Ұлы ханның, Ер Абылайдың әруағынан аттаған жағымпаздардың артынан қорғасын құйса,... Шыңғыс қаған жосынымен.
Оқырмандарға Сәбит Досанов жайлы дерек ұсына кетейік.
Сәбит Досанов 1940 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында туған. 1985–1989 жж. КСРО әдебиет қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, 1991–1995 жж Республикалық Халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының Бас директоры, 1996–1997 жж. мемлекеттік «Қайнар» баспасының Бас редакторы болып істеді. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаздық қызмет атқарған. Африкадағы Дүнду, Қазақстандағы Қостанай қалаларының, Ақсуат, Аманкелді аудандарының құрметті азаматы. Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы. «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар, адамдар», «Тотем под чадрой», «Тензор степного кургана» атты кітаптары бар.
Фейсбук қолданушылары "таңдай қақтырарлық" туындыға ызаланып жатыр.
"Бұл әнді Ақорда да сыбырлап айтатын ба еді, біз есмеген ән ғой",
"Е, флюгер жағымпаздар қаптаған қоғамға ұрындық қой",
"Осыларды да ақын,композитор дейді ғой ия. Әй, жағымпаздар-ай! Қай жерден тесіп кіретіндеріңді білмей айналшақтайсыңдар" деді олар.
"Адырна" ұлттық порталы