Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары ауысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.
Лугмар Буларов пен Юрий Шин өз лауазымдарынан босатылып, олардың орнына Расул Ахметов пен Дмитрий Останькович тағайындалды.
Расул Ахметов — Түркиядағы DATÜB (Ахыска түріктерінің дүниежүзілік қауымдастығы) ұйымының сыртқы саясат және халықаралық қатынастар жөніндегі президент көмекшісі, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Ал Дмитрий Останькович — Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Астана қалалық филиалының басшысы және Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық кеңесінің мүшесі.
Айта кетейік, 20 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті, XXXIV сессиясын шақырған болатын. Сессия 23-24 сәуір күндері Астана қаласында өтеді.