Тәліптер күйеуіне опасыздық жасаған әйелдерді таспен ұрмақ

1926
Adyrna.kz Telegram
Сурет: belta.by
Сурет: belta.by

Тәліптер күйеуіне опасыздық жасаған әйелдерді таспен ұру жазасына кеседі. Бұл туралы The Guardian жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жақында зина жасағандарға арнайы жаза қолданатын боламыз. Біздің шешіміміз демократиялық принциптеріңізге қайшы келетіндіктен, сіз оны әйелдердің құқықтарын бұзу деп атауыңызға болады. Бірақ мен Алланың өкілімін, ал сіз шайтанның өкілісіз», - деді тәліптердің көшбасшысы мулла Хайбатулла Ахунзада.

Айта кетейік, «Талибан» діни қозғалысы 2021 жылы ел билігіне оралғаннан кейін көп нәрсеге шектеу қойған еді. Қыздарға және әйелдерге мектеп пен университетке, спортзалға баруға тыйым салынды.

2023 жылдың шілдесінде тәліптер көпшілік алдында музыкалық аспаптарды өртеп жіберді.  Олар музыканың моральдық құлдырауға апаратынын мәлімдеді.

Ал 2023 жылдың желтоқсанында Қазақстан «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер