Егер Путин қатысса, Трамп та Ыстамбұлға баруға дайын - СNN

1142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/tramp-960x500.jpg?token=cb86032a8aa6f614ff34fce0fb21c181

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей-Украина келіссөзіне Ресей президенті Владимир Путин қатысқан жағдайда Ыстамбұлға баруға дайын екенін айтты. Бұл туралы CNN жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

CNN Дональд Трамп әкімшілігіндегі жоғары лауазымды қызметкердің сөзін келтірген. Ол Дональд Трамптың Түркияға бару-бармауы әлі де ашық сұрақ екенін айтқан.

«АҚШ президентінің Ыстамбұлға баруы әлі ашық күйінде қалып отыр, бұл көбіне оның ресейлік әріптесі қатыса ма, жоқ па — соған байланысты болады», — деп хабарлайды CNN телеарнасы шенеуніктің сөзін.

Сондай-ақ, Трамптың осы аптада Парсы шығанағы елдеріне — Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Катарға сапар шегуді жоспарлап отырғанын айтты.

Ақпарат көзіне сүйенсек, бұл — оның екінші мерзімі басталғалы бергі алғашқы ірі шетелдік сапары болмақ. Сонымен қатар АҚШ президенті қажет деп тапса,

Түркияға да баруы мүмкін.

Бұған дейін Дональд Трамп 15 мамыр күні Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысу үшін Ыстамбұлға баруы мүмкін екенін мәлімдеген. Трамп алдағы кездесудің қақтығысты бейбіт жолмен реттеу үшін маңызды екенін атап өткен, деп хабарлайды RT.

Сонымен қатар, Reuters агенттігінің мәліметінше, алдағы келіссөздерге АҚШ тарапынан Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Кит Келлог барады. Уиткоффтың айтуынша, негізгі талқыланатын тақырыптар — Киевтің кейбір территориялардан бас тартуы, Запорожье АЭС-ін пайдалану және Украинаның Днепр мен Қара теңізге қолжетімділігі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Владимир Зеленский Ресей президентін бейсенбіде Түркияда күтетінін айтқан. Дональд Трамп та бейсенбі күні келіссөз үшін Ыстамбұлға баруы мүмкін екенін айтқан.

Ресей тарабы әзірге келіссөзге қатысатын шенеуніктердің тізімін жарияламады.

Комментарии