Трампты тұлпарлармен күтіп алды

1136
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/ca8f1b69-2b53-48f4-90c9-21370fbfef6c-960x500.jpeg?token=e0c8515d133a643e42da3f3148915768

АҚШ президенті Дональд Трамп 13 мамыр күні таңертең Сауд Арабиясына барды. Эр-Рияд әуежайында Трампты Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман ханзада тұлпармен күтіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл – Трамптың биыл қаңтарда президент қызметіне кіріскеннен кейінгі шетелге жасаған екінші және алғашқы ресми сапары. Бұған дейін ол сәуір айының аяғында Ватиканда Рим папасын жерлеу рәсіміне қатысқан еді.

Сауд Арабиясына сапары барысында Трамп тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман ханзадамен келіссөз жүргізіп, инвестициялық форумға

қатысады. Сәрсенбі күні Трамп Қатарға, ал бейсенбі күні Біріккен Араб Әмірліктеріне сапармен барады деп жоспарланған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл сапардың басты тақырыбы – экономикалық және сауда қатынастары болмақ, ал Газа секторындағы соғыс немесе Иранның ядролық бағдарламасы мәселелері талқыланбайды. Сауд Арабиясына ең ірі кәсіпкерлер тобы қоса барған, олардың арасында Blackrock және Blackstone холдингтерінің басшылары, сондай-ақ Трамп әкімшілігінің шенеунігі мәртебесіне ие әлемдегі ең бай адам Илон Маск та бар.

Комментарии