Қаңтар оқиғасы бойынша экс-министр Тұрғымбаевтан жауап алынды - Бас прокуратура

1366
Adyrna.kz Telegram

Бас прокуратура Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы түрлі Telegram-арналарда таратылған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін телеграм-арналарда бұрынғы ішкі істер министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Бас прокуратура бұл ақпаратты растаған жоқ, бірақ экс-министрден қаңтар оқиғалары бойынша жауап алынғанын хабарлады.

Бас прокуратураның мәліметінше, сол кезде адамдарды азаптау фактілері болған. Оны жасағаны үшін облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталды. Бірақ тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр.

"Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынды. Сондай-ақ, Бас прокуратура Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтарға азаптауды қолдану туралы іс бойынша дәлелдемелер жинады", - делінген ресми хабарламада.

16 наурызда осы қылмысты жасағаны үшін Қарасай ауданының арнайы қабылдау орыны және полиция басқармасының бұрынғы басшылары қамауға алынды.

Бұдан бөлек, қызметтік атыс қаруын ұрлау фактілері бойынша Талдықорған қаласы полиция басқармасының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу аяқталған жоқ.

Айта кетсек, желіде тараған ақпарат бойынша экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтан кәугер ретінде жауап алынып жатыр.

Пікірлер