Ресейде екі қазақстандықтың қазасы елдер арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді - СІМ

2498
Adyrna.kz Telegram

Екі қазақстандықтың қаза табуы елдер арасындаңы қарым-қатынасқа ешқандай әсер етпейді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі  мен қылмыскерлер арасындағы атыс кезінде екі қазақстандық қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл жағдайдың Қазақстан мен Ресей арасындағы байланысқа еш әсер етпейтінін айтты.

Ал Ресейдің арнайы қызметті лаңкестік әрекеттің алдын алдық дейді. ФҚҚ мәліметінше,

«Вилаят Хорасан» тобының (Ислам мемлекетінің ауғанстандық тармағы болуы мүмкін) мүшелері Мәскеудегі синагогаға қарулы шабуыл жасамақ болған", - деп жазады ASTRA Telegram арнасы.

Арнайы қызмет таратқан видеода атыс кезі түсірілмеген. Тек Калашников автоматтары мен оның қасында жатқан мәйіттердің бейнесі тарады.

Бұған дейін  Ресейде арнайы қызмет "лаңкестікке оқталды" деген 2 қазақстандықтың қайтыс болуының қаншалықты рас екені туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер