СҚО-да Ресей азаматтарының есепшоттары бұғатталды

1172
Adyrna.kz Telegram
фото: InIviv.in.ua
фото: InIviv.in.ua

Солтүстік Қазақстан облысында Ресей азаматтарының банктік есепшоттары бұғатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КазТАГ-қа сілтеме жасап.

Қаржы шоттарына шектеу қою қылмыстық іс аясында жүзеге асырылған. Петропавл қаласының полиция департаменті бұл шараны 7 наурызда қабылдаған. Алайда, шоттардың қашан ашылатыны белгісіз.

Жергілікті чаттарда бұғатталған шоттар саны 2 мыңға жуық екені айтылған. Бұғаттау Ресейден мобилизациядан кейін көшіп келген азаматтарға ғана емес, кейбір қазақстандықтарға да әсер еткен.

Құзырлы органдар бұл істің дропперлік әрекеттер мен криптовалюта арқылы заңсыз операцияларға байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

СҚО прокуратурасы қылмыстық істің бар екенін растады.

"Қазір тергеу аясында банктегі есепшоттарға қатысты шектеу шаралары қабылданды. Бұл шектеулер тексеріс нәтижелеріне байланысты алынады," – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Шоттары бұғатталған азаматтарға құқық қорғау органдарына жүгініп, өздерінің қаржылық белсенділігін тексеруге кеңес беріледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер