Бортында 550 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты

1573
Adyrna.kz Telegram

Канадада 550 жолаушысы бар ұшаққа найзағай түсті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CityNews агенттігіне сілтеп. 

Air Canada Boeing 777-300 ұшағы Ванкувер әуежайынан көтеріліп, Лондонға бет алды. Кездейсоқ түсірілген кадрлардан найзағай жарқылының ұшаққа қалай түскенін көруге болады. Бірақ ұшақ ұшуын жалғастыра берді.

Жергілікті ұшқыштың айтуынша, әуе лайнерінде орнатылған найзағай сөндіретін арнайы жүйенің арқасында апатты оқиғаның алдын алған. АҚШ Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметі бойынша, жолаушылар ұшағын әдетте жылына орта есеппен бір немесе екі рет найзағай соғады.

Пікірлер