"Жеке клуб". Бостандыққа шыққан Боранбаев кәсіптерінде қиындық барын айтты

2097
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kapital.kz
Сурет: kapital.kz

Жақында ғана абақтыдан шыққан Қайрат Боранбаев журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Dalanews-ке сілтеп.

Паралимпиадалық дайындық орталығында Қайрат Боранбаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, бизнесіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Қайрат" футбол клубы  - жалғыз жеке клуб. Иә, жарнама мен барлық демеуші компанияның құйғаны. Барлық компания жұмыс істейді. Шынымды айтсам, компанияларға жұмыс істеуге рұқсат берілгеніне ризамын. Біздің холдинг - басқарушы компания. Бізде барлық бизнес жұмыс істейді. Иә, проблемалар бар, бұл - қалыпты жағдай, бәрінде проблемалар бар шығар", - деді Боранбаев.

Сондай-ақ, Боранбаев McDonald's фастфуд желісін Қазақстанға қайтарғысы келетінін де жасырмады.

"McDonald’s Қазақстанға оралғысы келсе оны ойластырамыз. Бұл бренд Қазақстанда танымал. Сегіз жыл ішінде көп нәрсені үйрендік, арнайы стандарттарды сақтадық. Әрине, McDonald’s Қазақстанға оралғанын қалар едік, ол үшін аздаған уақыт қажет", - дейді Қайрат Боранбаев.

Айта кетейік, былтыр 6 қарашада Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Белгілі кәсіпкер Назарбаев әулетінің экс-құдасы. Кәсіпкер абақтыда болғанда Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді, басқа да біраз мүлікті мемлекет меншігіне тапсырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер