Миллиардер, атышулы олигарх Александр Машкевич өмірден өтті

685
Adyrna.kz Telegram

Eurasian Resources Group (ERG) және "Еуразиялық қаржы компаниясының" ірі акционері Александр Машкевичтің қайтыс болғаны туралы ақпаратты ERG баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КазТАГ-қа сілтеп.

Елдегі ірі қаржылық алпауыттың бірі Машкевич Қазақстандағы ең танымал кәсіпкерлердің бірі болды. Ол ENRC компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі акционері ретінде танымал. Сондай-ақ, Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстанға қоса Израиль азаматы екені айтылатын "Қазақ-Израиль олигархы" аталатын Александр Машкевич 72 жасында қайтыс болды. Оның байлығы шамамен 4 миллиард долларды құрайды.

ERG құрамына "Қазхром" трансұлттық компаниясы, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, "Қазақстан алюминийі", Қазақстан электролиз зауыты және басқа да кәсіпорындар кіреді.

Бизнесмен "Еуразиялық қаржы компаниясы" мен "Еуразиялық банк" директорлар кеңестерінің төрағасы, Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ ҚР ат спорты федерациясының құрметті президенті болған.

Бизнесін 4 құрлықта жүргізетін  Александр Машкеевичтің айықпас ауыр дертке шалдығып, ұзақ уақыт ауырғаны белгілі болды.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер