"Мешіт-кесене болуы мүмкін". Астанадағы бас мешіттің атауы өзгере ме?

7311
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Медиаменеджер Сырым Итқұлов Астанадағы Орталық мешіттің атауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Adal adam" ютуб арнасына берген сұхбатта Сырым Итқұлов бас қаладағы мешіттің атауы кімге берілетіні туралы ойын айтты.

" Бәріміз білетіндей бірдеңе атын өзгертпесе, демек ол өз қожайынын күтуде деген сөз. Сөзімізге дәлел - Фурманов көшесі. Иә, біз көше Фурманов атауын күтіп тұрғанын бала кезімізден білдік, бір кездері бізге солай айтқан.

"Мешіт те дәл солай. Ол қалай аталды? "Бас мешіт"?  Біздің брендинг атауларын жақсы көретіндер оны баяғыда-ақ "Нұр-Астана мешіті", "Нұр-мешіті" деп атаушы еді. "Әл-Хазірет Сұлтан" мешіті сынды атаулар бар.  Бас мешіт жай ғана "бас мешіт" болып тұр.  Міне, мұның бәрі бір-бірімен байланысты. Демек, ол өз құрылысшысын күтіп жатыр. Біреуді жерлейді, сосын "мешіт-кесене" аталады. Яғни, мұнда Стамбул нұсқасының бір түрі бар, иә", - деді ол.

Еске сала кетейік, құрылысы 2019 жылы басталған мешітті Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашқан болатын. Бұл нысан Орталық Азиядағы ең ірі мешіт атанды және әлемдегі ең үлкен мешіттердің ондығына енді.
Ашылу салтанатында экс-президент Назарбаев:
"Мен бұл мешіттің тасын президенттік өкілеттігімнен бас тартудан бір күн бұрын қойдым. Мұсылман ретінде мен мешіт салуға бастамашылық етуді қасиетті борышым деп санадым. Бұл мешіт әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі. Мешіт жеке инвесторлардың қолдауымен бой көтерді. Құрылысқа ел бюджетінен қаражат алынған жоқ", - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер