Астанада соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төлем берілді

633
Adyrna.kz Telegram

Астанада тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының алты ардагеріне Жеңістің 80 жылдығына орай 5 миллион теңгеден әлеуметтік төлем берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеп.

Сонымен қатар, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген санаттағы азаматтарға – соғыс кезінде әскери қызмет өткергендерге, фашистік Германияға қарсы күреске қатысқандарға, Ленинград қоршауында еңбек еткендерге, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына және басқа да осыған ұқсас мәртебедегі адамдарға – 45 айлық есептік көрсеткіш (176 940 теңге) көлемінде қаржылай көмек беріледі.

Сондай-ақ басқа елдердің аумағындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлерге – Тәжік-Ауған шекарасындағы, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияларына және Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығыстарға қатысқандарға да 45 АЕК мөлшерінде төлем тағайындалған.

Ал тыл еңбеккерлері, қайтыс болған соғыс ардагерлерінің жұбайлары және қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 15 АЕК (58 980 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Төлемдер сәуір айының соңына дейін толықтай жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Үкіметтің қаулысымен Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер