Астана әуежайындағы өртке байланысты 18 рейс кейінге шегерілді

776
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Астана халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқанынан шыққан өртке байланысты әуежайдан ұшатын 18 рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кешіктірілген рейстердің нақты ұшу уақыты белгісіз.

"Астана халықаралық әуежайынан ұшатын 18 рейс кейінге қалдырылды: KS205 Астана-Дубай, DV702 Астана-Шымкент, KS 952 Астана-Алматы, IQ389 Астана-Жезқазған, KS 7052 Астана-Алматы, Астана-Алматы, DV-783Astana3Astanau, KS-203-Astana TK 357 Астана-Стамбул, DV 747 Астана-Павлодар, KS7341 Астана-Қостанай, DV821 Астана-Пулково, KS 852 Астана-Алматы, KS7315 Астана - Қызылорда, Lo196 Astana-Qostana, IDVa6saw, IDVa7saw кент, IQ437 Ac Tana -Петропавл, KS345 Астана-Өскемен", - делінген әуежайдың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Орын алған келеңсіз жағдай үшін Астана әуежайының әкімшілігі жолаушылардан кешірім сұрап, тегін су мен сусындар таратып жатқанын хабарлады.

"Жағдай шешілгеннен кейін қосымша ақпаратты береміз. Қолайсыздықтар үшін жолаушыларымыздан кешірім сұраймыз. Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі жолаушыларға су мен сусын таратып жатыр. Аз уақытта әкімшілік жолаушыларды жеңіл тағамдармен қамтамасыз етеді", - деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 27 ақпан күні сағат 07:50-де Астана халықаралық әуежайының электр қалқанынан өрт шыққаны туралы хабар түскен болатын. Сағат 08:24-те өрт толығымен оқшауланды. Өртті сөндіру кезінде қатты түтіннің салдарынан әуежай терминалындағы барлық жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер