Air Astana әуе компаниясы Орал тұрғыны Жазира Мусинаның қызын Астана әуежайында қалдырып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жазира Мусина сот шешімі бойынша шығындарды қосқанда әуе компаниядан 5 млн теңге алған.
"Air Astana сот шешімін мәжбүрлеп орындауға жеткізбей толық орындады", - деді ол.
Ал адвокат Шағатаев сондай-ақ бұл жағдай жолаушылар тасымалы туралы заңнамаға өзгерістер енгізуге себеп болғанын атап өтті. Енді бұл сот шешімі осындай жағдайларда балалардың құқығын қорғаудың прецеденті бола алады.
"Air Astana жалпы сомасы 8 692 000 теңге шығынға ұшыраған. Оған әкімшілік айыппұл және моральдық зиянды өтеу кіреді. Мүмкін мұндай авиакомпания үшін бұл сома аз шығар, бірақ менің ойымша, бұл да оларға жайсыз", - деп қосты ол.
Белгілі болғандай, Зере және Зәуре есімді егіздер 2024 жылдың 20 шілдеде АҚШ-тан Орал қаласына Астана арқылы ұшып жетпек болған. Рейске тіркеу кезінде FlyArystan қызметкерлері олардың тек біреуін тіркеп, Зерені жалғыз қалдырып кеткен.