Ақтауда құны 65 млн теңгелік ескерткіш құлағалы тұр

1875
Adyrna.kz Telegram
Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz

Ақтауда құны 65 миллион теңге тұратын Тобанияз Әлниязұлы ескерткішінің тұғыры қирап жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тұғырды қаптаған тақтайшалардың бір бөлігі сынып, арматуралары шығып тұр.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бүгінде қаланы абаттандыру нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын хабарлады.

“Мердігер анықталғаннан кейін ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі”, - деп сендірді шенеуніктер.

Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар сайтының хабарлауынша, аталған ескерткішті жаңартып, жөндеу жұмыстарына 65 313 642 теңге жұмсалған екен.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер