ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Осылар бізді әлем алдында әбден масқара қылмаса, не қылсын...

2898
Adyrna.kz Telegram

Әзірбайжан мен РФ-ның арасы қатты ушығып кетті. Атып түсірілген ұшаққа адамша кешірім сұрап, азды-көпті компенсация төлеп құтылудың орнына олар тіпті де мойындамай, оның үстіне қаза тапқандарды мазақтап, әбден масқара иттік жасады. Бүгін әзірбайжан жағы Россотрудничество мен Русский дом дегенді жауып тастады.

Енді кремль тарапынан сұмдық арандатулар басталады. Кәзірдің өзінде БАҚ-тары ауыздарына келгендерін құсып жатыр. Теп-тегіс жерден сөйтіп өркөкірек орыстар өздеріне тағы бір жау тауып алды. Осыған ерегісті ме, әлде кезекті көмектері ме, кім білсін, әйтеуір Баку Украинаға $1млн көмек бере қалды, оған орыстар одан бетер жарылып жатыр. Әрине көп ақша емес, сонда да.

Бүгін КТК арнасында қазақстандық комиссияның жұмысынан есебін тыңдадым. Бозымбаев арам екен, көлік министріне тапсырып құтылып кетті, енді анау не істерге білмей аузына келгенін оттап жатыр)). Әлі де зерттей түсеміз, бла-бла-бла дейді. РФ атты деуге духы жетпей, әлі де құстар, балон жарылған шығар деп қыртиды. Қара жәшіктегі ұшқыштардың сөйлескені деп ФСБ жазып берген записьті жібереді. Оның айтуынша РФ жағы бірнеше әуежай ұсыныпты, бірақ ұшқыштар тыңдамай Ақтауға тартыпты. Ай, осылар бізді әлем алдында әбден масқара қылмаса, не қылсын, мен содан қорқамын.

Қуаныш Еділханов

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер