Сенімді дереккөздерден білдік - кешегі ұшақтың құлауына себеп ешқандай құс та, тұман да емес екен. Бәсее, көптеген оқырмандар бірден күдіктеніп еді-ау.
Мысалы Айтекең (Aitkozha Fazylov) Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ Ақтауда неғып жүр деп еді. Картасын да көрсеткен. Өзім де күдіктеніп, құс соқса моторы сөнер, бірақ штурвалы орнында ғой дегенмін. Тағы бір оқырман Минеральные Водыға неге қонбаған деп еді. Қарап отырсақ көптеген сәйкессіздіктер сол сәтте-ақ көзге көрініп тұрған екен.
Ендігі жөндеп қоймаса интернет арқылы кеше Грозныйда тұман болды ма, жоқ па - оны да білуге болады. Шайдай ашық аспан деп жатыр ғой білетіндер. 6 қазақ бар екен, обалы кімге?
Жарайды, ешқандай пікір, комментарий жазып қажеті жоқ, онсыз да түсінікті жағдай. Комиссия не деп шешер екен, күтейік. Бүкіл әлем Қазақстан не айтар екен деп күтіп отырғаны анық, басшымызға сын. Қалай абыройын сақтап қала алады?
Халқымыз абыройын сақтап қала алды. Маңғыстау халқы жабылып көмек көрсетті, ауруханасына жатқызды, тірі қалғандарын тоңдырмай-жауратпай орналастырды. Әлі қан тапсырып жатыр. Өңір басшысы да жарады, барлығын жұмылдырды.
Тек іштерің біліп отырсын деп жазып жатқаным. Біреулерді жамандап, комментарий жазып қажеті жоқ, үй сыртында кісі бар.
Қуаныш Еділханов