Ақтау маңындағы ұшақ апаты туралы бортсерік Зулфугар Асадов мәліметімен бөлісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы
golosameriki.com сайтында жариялағандай, бортсерік Зулфугар Асадовтың айтуынша, Грозныйға тұманға байланысты қонуға тыйым салынған, сондықтан ұшақ сыртынан дыбыс естілген кезде ұшқыш айналып кеткен.
«Ұшқыш ұшақты жаңа ғана көтере бастады (биіктікке қайта оралған кезде) мен сол қанаттан дыбыс естідім. Үш соққы болды», - деді ол.
Ол сол қолына бірдеңе соғылғанын сезген, ал кабинада қысымды төмендету басталған.
«Капитан оған ұшақты теңізге қондыруға кеңес
Еске сслсақ, 25 желтоқсан күні Баку-Грозный бағытында ұшқан AZAL-ға тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайынан 3 шақырым жерде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам (62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі), Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болған. 38 адам қайтыс болды.