Украинадағы соғысқа 2 жыл толарда. Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқанын жариялады

2783
Adyrna.kz Telegram

Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қатысуын тоқтатты. Бұл туралы елдің премьер-министрі Никол Пашинян France24 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім, әсіресе 2021-2022 жылдары орындалмаған.

«Бұл жағдай назарымыздан тыс қалмады. Біз бұл келісімге қатысуымызды тоқтатып қойдық. Ары қарай не болатынын көрейік»,—деді ол.

«Армениядағы Ресей әскери базасының жабылуы мүмкін бе?» деген сұраққа Пашинян  «Қазір біз бұл туралы айтып отырған жоқпыз» деп жауап берді.

Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы – төтенше жағдай туындаған кезде серіктес елдердегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында ТМД мемлекеттері құрған әскери-саяси одақ. ҰҚШҰ-ға Армениядан бөлек, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан мүшелік етеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер