Еуропа әскері Украинаға кірсе, ҰҚШҰ Ресейге көмекке келеді - Тасмағамбетов

1354
Adyrna.kz Telegram
Сурет: 7kun.kz
Сурет: 7kun.kz

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ресейлік Известия басылымына сұхбат беріп, Еуропа елдерінің Украинаға әскер жіберу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Nege.kz-ке сілтеп.

Тасмағамбетовтің айтуынша, Еуропа бұл мәселені бұған дейін де талқылаған, алайда ресми түрде іске асырмаған. Өйткені, мұндай қадам аймақтық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін.

«Еуропа Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл аймақтағы қауіпсіздікке қауіп төндіре ме? ҰҚШҰ мұндай жағдайға жауап беру шараларын қарастырып жатыр ма?» – деген басылымның сұрағына:

«Еуропа елдері Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін бірінші рет талқылап отырған жоқ. Алайда ресми түрде іске асырмады. Себебі, бұл аймақтық ауқымда қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Оның үстіне экономика мен әлеуметтік саладағы келеңсіз құбылыстардан шаршаған Еуропа елдерінің халқы өз үкіметтерінің мұндай шешімін құптауы екіталай. Өйткені, контингенттер шабуылдау операцияларына қатыспаса да, мысалы, полиция немесе бақылау қызметін атқаратын болса, бұл қоғамға ауыртпалық салады. Мұндай қауіп-қатер туындаған жағдайда, ҰҚШҰ ұйым жарғылық құжаттарында қарастырылған және мүше мемлекеттердің барлығы мақұлдаған көмектің түрлі нұсқаларын ұсынуға дайын болады», – деп жауап берді Тасмағамбетов

ҰҚШҰ бас хатшысының айтуынша, егер мұндай қауіп туындаса, ұйым өз жарғылық құжаттарына сәйкес, мүше мемлекеттердің келісімімен тиісті шараларды қабылдауға дайын.

Айта кетейік, соңғы уақытта бірқатар еуропалық саясаткерлер Украинаға бітімгершілік әскер жіберу мәселесін көтере бастағаны БАҚ беттерінде тарай бастаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер