Дүниежүзілік банк 2012-2022 жылдарды Қазақстан үшін «жоғалған онжылдық» деп атады

2454
Adyrna.kz Telegram

Дүниежүзілік банк (ДБ) сарапшылары Қазақстан үшін 2012-2022 жылдар «жоғалған онжылдық» деп атады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеп.

«2000-2007 жылдары орташа алғанда жылына 4,5%-ға айтарлықтай өскеннен кейін жалпы фактор өнімділігінің өсімі 2012-2022 жылдары жылына 0,9%-ға дейін төмендеді… Негізінде бұл Қазақстан үшін «жоғалған онжылдық» болды», - делінген Дүниежүзілік банктің «Қазақстан экономикасы – 2023-2024 жылғы қыс» баяндамасында.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан өнімділіктің төмендігі мен экономиканың құрылымдық әлсіздігі салдарынан баяу өсуді көрсетіп отыр.

Ең айқын кемшілік – 2007 жылға дейін орта есеппен ЖІӨ-нің 26%-дан соңғы онжылдықта 23%-ға дейін төмендеген күрделі салымдар. Қазақстан Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) азырақ қаражат бөледі – бұл орташадан жоғары табысы бар елдердің орташа деңгейінен де аз. 2008-2009 жылдардағы банк дағдарысы компанияларды несиелендіру ағынын бұзды.

«Нақты мәнде бизнесті несиелеу қоры 2022 жылы 2007 жылғы деңгейден шамамен 35%-ға төмен болды», - делінген баяндамада.

Пікірлер