Қазақстандық сейсмологтар екі жер сілкінісін тіркеді

2740
Adyrna.kz Telegram
Сурет: depositphotos.com
Сурет: depositphotos.com

18 ақпан күні Қытай мен Ауғанстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі екі рет бүгін, 18 ақпанла екі жер сілкінісін тіркеді.

Сағат 14:59-да тіркелген бірінші жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,8. Магнитудасы MPV 4.6. Тереңдігі 5 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ", - делінген ресми ақпараттарда.

17:20-да тіркелген екінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1 110 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқаны анықталды. Алматы қаласы ӘҚҰ кезекші операторының хабарламасында:

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. Магнитудасы MPV 5.3. Тереңдігі 35 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ", - делінген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер