Ректор сөзінен кейін. Ресей министрлігі Өзбекстан елшісін шақыртқан

5459
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның Ресейдегі елшісі Ботиржон Асадов Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Оған Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзодхан Құдратходжаевтың мәлімдемесіне байланысты наразылық білдірілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін ЖОО басшысы Өзбекстанда тұрып жатқан, бірақ өзбек тілін білмейтін адамдарды «ақымақ немесе басқыншы» деп атаған еді. Ол 1966 жылы Кеңес Одағының бір бөлігі болған Өзбекстанға Ресей, Беларусь және Украинадан көптеген тұтқынның келгенін атап өтті.

«Олар жер сілкінісінен кейін Ташкентті қалпына келтіруге көмектесуі тиіс еді. Бұл жұмысшылардың басым бөлігі Өзбекстанда қалды, алайда мемлекеттік тілді үйренген жоқ»,—деді ол.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің айтуынша,  мұндай сөздердің мазмұны мен реңі екі елді байланыстыратын терең стратегиялық серіктестік пен одақтық қатынастарына мүлдем қайшы келеді.

«КСРО құрамында болған Өзбекстан өндірісі мен ауыл шаруашылығын, ғылымы мен мәдениетін қарқынды дамыта алды. Бүгінде Өзбекстан тәуелсіз мемлекет ретінде Ресеймен өзара тең дәрежеде, өзара құрметке негізделген қатынас орнатты. Сондықтан біз Шерзодхан Құдратходжаевтың сөзін Өзбекстан халқы қолдамайды және ол сөз өзбекстандықтардың жалпы көңіл күйін білдірмейді деп сенеміз», - деп түсіндірді Ресей СІМ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер