2023 жылы Өзбекстанда жиналған мақта мен астық рекордтық көрсеткіш көрсетті - Мирзиёев

1702
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

2023 жылы Өзбекстанда алғаш рет 3,7 миллион тонна мақта және 8 миллион тонна астық жиналды. Бұл туралы 12 ақпанда өткен жиында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мұндай сандар біздің қазіргі тарихымызда бұрын-соңды болмаған», - деп келтіреді оның баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.

«Таяу тарих» дегеніміз нақты қандай кезеңді білдіретіні көрсетілмеген. Айталық, Өзбекстанда 2007 жылы 3,7 миллион тоннадан астам мақта жиналса, 2014 жылы 8 миллион тоннадан астам астық жиналды.

Жиын ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру, шығындарды азайту және суды үнемдеу мәселелеріне, сондай-ақ алдағы жоспарларға арналды.

Шавкат Мирзиеев, атап айтқанда, Өзбекстанда гектардан алынатын орташа өнім алдыңғы қатарлы елдерге қарағанда төмен екенін, бұл ретте тыңайтқыш, отын мен су екі есе көп жұмсалатынын атап өтті. Мирзиеевтің айтуынша, тауар өндірушілер жоғары өнімді тұқым әкеліп, фермерлерді жаңа агротехнологияларға үйрету арқылы мақта өнімділігін 50 центнерге, дәнді дақылдар өнімділігін гектарына 100 центнерге дейін көтеруге мүмкіндік алып отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер