Ресейде қазақстандықтарды 32 миллион теңге және 14 мың доллар көлемінде алдаған Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Мәскеуде 28 жастағы қазақстандық ұсталды. Ол Алматыда 2024 жылдың сәуірі мен қазаны аралығында жергілікті тұрғындардың қымбат смартфондарын сатуға уәде етіп, кейін ізін жасырған. Ер адам жеті адамды алдаған», – деп хабарлады полиция.
Мәліметтерге сүйенсек, шығын 32 миллион теңгеден асады.
« Шымкент полиция қызметкерлері Ресей әріптестерімен бірге 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстаған. Ол 2014 жылы Шымкент тұрғынына тиесілі жер учаскесін алдап сатумен 14 мың доллар шығын келтірген», – делінген хабарламада.
2025 жылдың басынан бері Қазақстан шекарасынан тыс жерде 11 қылмыскер табылса, ел ішінде 44 қылмыскер ұсталған.