Ертең бүкіл Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады

2372
Adyrna.kz Telegram
фото ua.depositphotos.com
фото ua.depositphotos.com

8-9 ақпанда Қазақстанда су тасқыны кезінде төтенше жағдайды жоюға дайындық бойынша "Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Жаттығу кезінде елдегі барлық сиреналар қосылады.

"Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпан күні сағат 12.55 - те (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр сиренасы іске қосылады", - делінген хабарламада.

Республикалық оқу-жаттығу штабы Ақтөбеде орналасады.

Сонымен қатар, министрлік азаматтардан тыныштық сақтап, дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауды сұрады.

Бұған дейін елде жер сілкінісі кезінде төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрекеттері бойынша қызметтік тергеу жүргізілетіні хабарланған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер