Үй сатқандарға да салық салынбақ

1197
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/pәter-960x500.jpg?token=54054a4b1e180aa789c04e3c1f4f07df
Үй сатқандарға да салық салынбақ. Қазақстанда келесі жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі осыны көздейді. Құжатқа бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр, деп хабарлайды “Адырна”. Құжатта ішінде жылжымайтын мүлік мәмілесі де бар. Енді нысанға иелік етудің ең аз мерзімінің шегі екі есе ұлғайтылмақ. Бұл межеден асқан соң ғана, салықсыз сатуға болады. Қазір жаңа сатып алған үйіңізді бір жылдан кейін қайта сатуыңызға рұқсат. 2026 жылдан бастап, екі жылдан кейін ғана салық төлемей сата аласыз. Бұл пәтерлерді алып сатарларға, пайда табу үшін үй сатқандарға қолдануды көздейді. Мәселен, пәтерді арзан бағаға алып, үстіне 10 миллион теңге қойып, пайда тауып жүргендер бар. Енді олар 1 миллион теңге, яғни табысының 10 пайызын салық ретінде төлеуге мәжбүр болмақ. Ал пайдасы өскен сайын салығы да өсе түспек. Ондайларға 15 пайызға дейін салық салыну қарастырылып жатыр. Бұл тек пәтерлерге, жеке үйлерге ғана қатысты емес. Саяжай, көлік тұрағы, шаруашылық және басқа да мүліктерге де осындай салық салынады.
Комментарии