Футболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

639
Adyrna.kz Telegram

26 наурызға қараған түні Қазақстан мен Лихтенштейн ұлттық құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші матчын өткізіп, Қазақстан құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу Лихтенштейн астанасы Вадуц қаласындағы «Райнпарк» стадионында өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев команда құрамына бірқатар өзгеріс енгізіп, алғаш рет 16 жастағы жұлдыз Дастан Сатпаевқа негізгі құрамда алаңға шығуға мүмкіндік берді.

Ойын 2:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Есепті бірінші таймның соңында Максим Самородов ашты. Бұл – оның Қазақстан құрамасындағы төртінші голы.

Ал қосымша уақытта 34 жастағы Александр Марочкин гол соқты. Бұл – оның ұлттық құрама сапындағы 51-матчы және алғашқы голы.

2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Уэльске 1:3 есебімен жол берді. Лихтенштейнмен өткен кездесуге дейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерінде қатарынан 22 матч бойы жеңіске жете алмаған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер