Қазақстан мен Ресей азаматтары мінген қайық Пхукет провинциясында Майтон аралында жарылып, өртке оранған. Бұл туралы Bangkok post жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Пхукет аймақтық порт офисінің директоры Начапонг Пранидтің мәліметтері бойынша, қозғалтқышта ақау пайда болып, содан кейін қайық өртке оранып, жарылған. Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 09:00-де болды.
Сол уақытта тек үш экипаж мүшесі болған: капитан, инженер және бір жұмысшы. Үшеуі де күйік жарақаттары мен жарылыс қиратуларынан зақымданды. Сондай-ақ, үш турист пен гид ұшқан ұшқындардан зардап шекті. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Khaosod English порталының мәліметі бойынша, катер қазақстандық және ресейлік туристерді тасымалдап жатқан. Кеме бортында барлығы 37 адам болған, оның ішінде 33 ресейлік және қазақстандық турист, бір гид және үш экипаж мүшесі.
"Капитан мен экипаждың бір мүшесі күйік алды. Үш турист пен гид жарылыс қиратуларынан жарақаттанды", - деп қосты Начапонг.
Пхукет облысы өрт сөндіру қайығын және өртті сөндіруге қосымша бір қайықты жіберді. Thana Marine 555 қайығы толығымен отқа оранды.
Тайландтың Туризм және спорт министрі Соравонг Тхиентхонг туристік полиция мен жергілікті қызметтерге туристерге толық көмек көрсету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сапарларды ұйымдастыру және зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету бойынша тапсырма берді.