Балқашта "Қазақмыс" қоймасы өртенді

1016
Adyrna.kz Telegram
Фото: Балқаш қаласының ТЖД
Фото: Балқаш қаласының ТЖД

"Қазақмыстың" қоймасы өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

19 қаңтар күні сағат 19:17-де Балқаш қаласында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің қоймасында өрт шықты. Қойманың жалпы ауданы – 1800 ш.м.

Бір қабатты №21 жеке қоймада кеңсе тауарлары сақталған.

Балқаштағы "Қазақмыс" қоймасында шыққан алауды ауыздықтауға 24 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.

Бүгінде төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Ал қоймада өрттің шығу себебін тергеу анықтамақ.

Пікірлер