"Қазақмыс" тексеріс жүргізу үшін жерасты кеніштерінің жұмысын тоқтатты

1123
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/kazakhmys_official
Фото: instagram.com/kazakhmys_official

2023 жылдың 27 қарашасында Жайсаң кенішінде болған топтық апатқа байланысты "Қазақмыс" компаниялар тобының басшылығы корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық  порталы.

Кеніштерде ішкі экспорттық комиссия инспекциялары құрылды. Комиссияларды кәсіпорындардың бас инженерлері басқарады. Басталған тексерістер өндірістік ереже бұзушылықтарды, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы ереже бұзушылықтарды егжей-тегжейлі анықтауға бағытталған. Кәсіпорындардың жұмысын тоқтату барлық ереже бұзушылықтар анықталып, жойылғанға дейін жалғасады.

Компания басшылығы тексерістің барлық кезеңі үшін тоқтатылатын шахта бригадаларына еңбекақыны толық төлеу туралы шешім қабылдады.

Комиссиялардың жұмысы аяқталып, барлық мән-жайлар нақтыланғаннан кейін тексеру нәтижелері еңбек ұжымдарына жеткізіледі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін одан әрі күшейту шаралары қабылданады.

Пікірлер