Бишімбаев Нүкенованы өлтіргісі келсе, киллер жалдаушы еді - Ғазымжанов

1028
Adyrna.kz Telegram

Егер Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтіргісі келсе, киллер жалдайтын еді. Бұл туралы экс-министрдің қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов жарыссөз кезінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Айыпталушының соққы алдындағы іс-әрекеті, соққы жасап жатқандағы іс-әрекеті мен соққыдан кейінгі іс-әрекеті оның өлтіруге ниеті болмағанының маңызды дәлелі болып отыр. Нүкенованы ұрып-соғуға дейінгі мінез-құлқын талдайық.  Елестетіп көрейікші, егер Бишімбаев кісі өлтіруге шешім қабылдаса, ол мұны өз қолымен жасай ма?  Кісі өлтіру үшін кәсіби адамды жалдау әлдеқайда қауіпсіз. Бишімбаевтың бұл іске қатысы барын ешкім де білмейтін еді.  Алайда ол киллер жалдауға талпынған жоқ»,—деді Ғазымжанов.

Адвокат бұндай жағдайда Бишімбаев барлығын алдын ала бәрін жоспарлап, Нүкенованы қауіпсіз жерге апарар еді деген пікір білдірді.

«Жәбірленуші тараптың «Бишімбаев Нүкенованы Дима Биланның концерті кезінде өлтіруді жоспарлап қойды» деген сөздері мүлдем ақылға қонымсыз. Олар айыпталушының «Пальтоны тастап кет, ол саған енді керек емес» деген сөздері соған дәлел екенін айтып отыр. Алқабилердің біреуі осыған сене ме? Неліктен ол кісі өлтіруді мұнша созады? Неліктен таңға дейін қарым-қатынасын талдайды?  Оның өкпе-назын тыңдап, бір нәрсені дәлелдейді. Бұның бәрі не үшін керек? Оны қала сыртына апарып, өлтіріп, артынан көме салған оңайырақ емес пе?»— деді қорғаушы.

Айта кетейік, Астанада Бишімбаев ісі бойынша тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр.

Пікірлер