Тағы да "Қазақмыста" кісі өлімі болды

1452
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

"Қазақмыс" кенішінде жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Кazinform-ға сілтеп.

Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде 31 жастағы машинист мерт болды. Шахта учаскелерінің бірінде болған жазатайым оқиғаның мән-жайы анықталуда.

««Қазақмыс» компаниялар тобы Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кенішінде 26 желтоқсан күні қайғылы оқиға болғанын қайғыра хабарлайды.

Сағат 18.30-да шахта учаскелерінің бірі – «Шығыс Сары-Обада» өздігімен жүретін жерасты машинасының өндіріс орнына қозғалысы барысында жүргізуші 1992 жылы туған машинистті абайсызда басып кетті. Салдарынан жұмысшы өлімге алып келген ауыр жарақаттар алды.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген "Қазақмыс" компания жолдаған мәлімдемеде.

Аталған компанияда қызметкерлердің өндірістік жарақат алу көрсеткіші өткен жылға қарағанда 3 есе артқан. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.

Ең ірі мыс өндіруші компания деп танылған "Қазақмыс" кенішінде ажал құшқандар көп. Өткен айдың ішінде компания төрт қызметкерінен айырылды. 6 қараша күні Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жұмысшы қайтыс болды. 22 қарашада «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында машинист мертікті. 27 қарашада компанияның Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде 1981 және 2002 жылы туған жұмысшылар ауыр жарақат алып, көз жұмған болатын.

Пікірлер