Қала әкімі Радиациялық медицина және экология ҒЗИ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

175

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының(ҒЗИ) ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Басшылық қызмеітіне ҒЗИ орынбасары болған Талғат Молдағалиев тағайындалды.
- Ғылыми-зерттеу институында жаңа мүмкіндіктер пайда болды, - деді Ермак Бидахметұлы. - Институтта үлкен тәжірибе жинақтаған кәсіби ұжым бар. Осы білікті мамандар ғылыми мекемені одан әрі дамытуға бар күш жігерін салатын болады.
Қоғамдық кеңестің соңғы отырысында медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісов 2018 жылдың соңында ҚР Үкіметінің қаулысымен "Радиациялық медицина және экология ҒЗИ" медицина университетімен қайта құрылғанын хабарлады.
Е. Жүнісовтің айтуынша, институттың 2023 жылға дейінгі даму жоспары дайындалды. Осы бағдарлама шеңберінде ҒЗИ материалдық-техникалық базасын жақсарту, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу, ғимараттарды абаттандыру және күрделі жөндеу жоспарлануда.
-2019-2023 жылдары ҒЗИ материалдық - техникалық жабдықталуын жақсарту үшін инвестиция жолымен 1 млрд.теңгеге дейін бөлінеді, - деді университет ректоры. - Ғылыми қызметкерлердің, дәрігерлік және медициналық қызметкерлердің еңбекақысын 2019 жылдың 1 маусымынан бастап 30 пайызға көтеру жоспарда бар.
Алдағы жылдары радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты қызметін жоғары деңгейіге шығаратын оң өзгерістер күтілуде .

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер