Текелі тауына көміп тастаған. Талдықорғанда жоғалған қыздың денесі табылды

2492
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Талдықорғада жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, қыздың денесі Текелі тауынан табылды. Оны сол жерге көміп тастаған. Мәйітті полицейлер, әскери қызметшілер мен еріктілерден тұратын іздеу топтары тапқан. Қазір жасөспірім көмілген жерде тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 14 жастағы Карина Дорохинаның жоғалып кеткені туралы ақпарат полицейлерге 28 желтоқсанда түскен.

"Жасөспірім қараша айының басынан бастап сабаққа қатыспайтыны белгілі болды. Жедел-іздестіруді бастағаннан кейін полиция "қыз қылмыстың құрбаны болуы мүмкін" деген болжам жасады. ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша тергеу жүрді. Қылмысқа күдікті ретінде жасөспірімнің анасы мен өгей әкесі ұсталды", - дейді ведомство.

Қылмыстық оқиға полиция департаменті басшысының тікелей бақылауында.

Пікірлер