Қорғаныс министрлігі «Арменияға қару-жарақ жеткізу» мәселесіне орай жауап берді

2000
Adyrna.kz Telegram
Фото: The Qazaq times
Фото: The Qazaq times

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған Қазақстан Арменияға қару-жарақ жеткізіп бермекші деген хабарламаға түсініктеме берді, - деп жазады StopFake.kz сайты. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желілер мен веб-сайттарда Қазақстанның Арменияға әскери техника жеткізгені туралы хабарламалар таралуда. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.

«Армения Республикасына қазақстандық қару-жарақ жеткізілді деген болжамды ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынды. Осыған байланысты біз азаматтар мен БАҚ өкілдерін таралып жатқан қауесеттерге сенбей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз», - делінген Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесінде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер