ҰҚШҰ сыртында болғанша ішінде болған жақсы - Қайрат Омаров

2167
Adyrna.kz Telegram

Мәжілістің жалпы отырысында БАҚ өкілдері Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровқа ҰҚШҰ жарғысынң өзгеруіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Kazinform сайтына сілтеп.

«Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ешбірінен мүшелігін тоқтату туралы өтінім түскен жоқ. Сондықтан ҰҚШҰ құрамынан қандай бір өзгеріс күтіп отырған жоқпыз. Мұндай ұйымның сыртында болғанша ішінде болған әрдайым жақсы», - деді Қайрат Омаров.

Министрдің бірінші орынбасары Қазақстанның да ондай жоспары жоқ екенін айтты.

«Ондай жоспарымыз мүлдем жоқ. Бұл ұйымның бастауында өзіміз тұрмыз. Ол ұйым біздің мүддемізге жұмыс істеп тұр деп есептейміз. Өйткені ондағы шешімдердің бәрі ымыра негізінде қабылданады. Яғни, ұйымға мүше мемлекеттің ешбіріне қандай да бір шешім күштеп таңылмайды. Сондықтан ұйым біздің мүддемізге сай, мүше мемлекеттердің әріптестігіне байланысты кез келген мәселені талқылауға мүмкіндік беріп отыр деп есептейміз», - деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер