"Көлігімді өртеді" деп шенеуніктерді айыптаған блогер сотталды

2816
Adyrna.kz Telegram
Сурет: matritca.kz
Сурет: matritca.kz

Таразда "көлігімді өртеді" деп бірнеше шенеунікті айыптаған блогер Нұрлан Қанатов сотталды. Бұл туралы №2 қалалық соты айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2022 жылдың қазанында сотталушы көлігінің өртенген бейнежазбаларын Facebook әлеуметтік желісіне таратқан.

Осылайша ол өзін саяси жағдайдың құрбаны деген ой қалыптастырғысы келген. Соттың мәліметінше, көлікті өртеуге блогердің өзі тапсырыс берген.

Кейін ер адам бұл істі бірнеше шенеунік ұйымдастырды деген айыппын Жамбыл облысыгың полиция департаментіне жүгінген.

Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғалып, қылмыс құрамы болмауына байланысты іс қысқарған.

Осылайша Қанатов қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізген.

«Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен, айғақ заттар арқылы дәлелденді. Прокурор сотталушыны 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады»,- деп жазды соттың баспасөз қызметі.

Айыпталушы сот үкімімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер