Заң бойынша Назарбаевтың қандай артықшылығы сақталған? Министр жауап берді

1508
Adyrna.kz Telegram
Самат Әбіш (сол жақта), Нұрсұлтан Назарбаев (ортада), Болат Назарбаев (оң жақта).
Самат Әбіш (сол жақта), Нұрсұлтан Назарбаев (ортада), Болат Назарбаев (оң жақта).

Сейсенбі Үкімет отырысынан кейін Әділет министрі Азамат Есқараев журналистердің Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасының артықшылықтарына қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Курсивке сілтеме жасап.

«Қазақстан заңнамасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына белгілі бір артықшылық беретін нормалардан толығымен тазартылды деп айта аламыз ба? – деп сұрады тілшілер Әділет министрінен.

«Бұл жұмыс жалғасын тауып, заңнамаға тиісті түзету енгізілді. Мұның барлығы қаңтар айында қабылданған заңды жүзеге асырудың қисынды жалғасы болды», – деп жауап берді Азамат Есқараев.

БАҚ өкілдері бұрынғы президентте қандай кепілдіктер сақталып қалғанын нақтылады.

«Оның қол сұғылмаушылық кепілдігі бар. Көлік қызметін пайдалану құқығы бар. Баспанасы бар. Бұлардың отбасына қатысы жоқ», – деді А. Есқараев.

29 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшілер «Н.Назарбаевты барлық заңдардан «сызып тастау» үдерісі аяқталды ма, экс-президенттің қандай артықшылығы бар?» деп сұрағанда Әділет министрі жоғарыдағыдай мазмұнда жауап берген.

«Бұл үрдістер қаңтарда қабылданған заң негізінде жүзеге асып жатыр. Ал экс-президенттің мәртебесіне келер болсақ,«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңымызда экс-президентке тиісті кепілдіктер қарастырылған. Оған сәйкес, экс-президент тұрғын үй және көлікпен қамтамасыз етілуі керек. Президент туралы Конституциялық заңда бұл нақты көрсетілген», – деген еді А.Есқараев.

Қаңтар айында парламент «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» заңды қабылдады. Бұл құжат Назарбаевты бірқатар артықшылықтардан, соның ішінде Елбасы мәртебесінен айырды. Кейін ол Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері және Назарбаев қоры сияқты білім беру ұйымдарының жоғары қамқоршылық кеңесінің басшысы мәртебесін жоғалтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін экс-Президент акцияларынанкітапханасынан, "Құрметті сенатор" сынды бірнеше атағынан айырылған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер