Назарбаев қоры КТК телеарнасы акцияларының бір бөлігінен айырылды

1289
Adyrna.kz Telegram
uralskweek.kz
uralskweek.kz

Назарбаев қоры КТК-ның 1% акциясынан айырылды. Бұл туралы Bes.media Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Бостандық ауданы прокуратурасының «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ акцияларының 1%-ын сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырды. Бұл үлес бұрын «МаңғыстауМұнайГазға», ал содан соң Нұрсұлтан Назарбаев қорына тиесілі болған»,– делінген хабарламада.

«МаңғыстауМұнайГаз» КТК-ның 1% акциясына ие болған кезде аукционда бейінді емес активті сатпақ болған. Алайда сатып алушылар болмағандықтан, ол арнаға сыйға тартылыпты. Кейіннен бұл акция Нұрсұлтан Назарбаев қорына берілген. Сыйға тарту туралы келісімге 2015 жылдың 29 желтоқсанында қол қойылған.

Биыл Прокуратура акцияны тегін беруге болмайтынын алға тартып, сотқа жүгінген.
2023 жылдың 27 қазанында судья іс бойынша шешім қабылдады.

«Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының талап арызы қанағаттандырылсын. 2015 жылдың 29 желтоқсанында «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ мен «Коммерческий телевизионный канал» АҚ (КТК телеарнасы — ред.) арасындағы келісімшарт жарамсыз деп танылсын», – деді судья Гаухар Қасымбаева.

Айта кетейік, қос тарап шешімге келіспеген жағдайда бір ай ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.

Пікірлер