Динара Құлыбаеваға тиесілі университет мемлекет меншігіне өтті

959
Adyrna.kz Telegram
Фото: kbtu.edu.kz
Фото: kbtu.edu.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаеваға тиесілі «Қазақстан-Британ техникалық унивеситеті» (ҚБТУ) мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы Қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Aқпаратқа сәйкес, “Қазақстан-Британ техникалық университеті” АҚ-ның 100% акциясы қайтарылған активтерді басқару компаниясына берілуі тиіс.  Ал бұл компания ірі байлардың заңсыз иеленіп, мемлекетке қайтарған дүние-мүлікті басқарады.

Сонымен қатар Д.В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институтының және А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының 100% акциялары да мемлекет меншігіне өтеді.

“Қазіргі уақытта сот орындаушылары бұл шешімді жүзеге асыру процесін жүргізуде”, делінген хабарламада.

Хабарламаға сәйкес, 27 ақпан күні білім ордасының акционерлері ауысқан. ҚБТУ-дың акционерлері қатарынан «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» шығып, орнына «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» енген.

Ал «Нұрсұлтан Назарбаев білім қорына» Динара Құлыбаева, Галина Самарская және Асқар Нұрпейісов иелік етеді.

Айта кетейік, ҚБТУ ғимараты — Алматы қаласындағы Астана алаңында орналасқан ғимарат. 1957 жылы салынған қаладағы тарихи және көрнекті ғимараттардың бірі.

Бұл ғимаратта 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 1997 жылдан 2001 жылға дейін ғимарат Алматы облысы әкімінің резиденциясы қызметін атқарды. Осыдан кейін ғимарат Қазақстан-Британ техникалық университеті орналаспай тұрып бір жылдан аз уақыт бос тұрды. 2018 жылы ҚБТУ бас залы қайта жаңғыртылды. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер