Зүлфия Сүлейменова іссапармен Жапонияға барды

1209
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram
Фото: Instagram

Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованың Қазақстан мен Жапония мемлекеттік және жеке секторларының бірлескен комиссиясының 8-ші отырысы аясында Жапонияға барған сапары аяқталды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сапар барысында ол Мемлекеттік Сыртқы істер министрі Кието Цуджимен және Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ютака Матцузавамен кездесті. 

“Жиында ынтымақтастықты тереңдету мәселелері, оның ішінде жасыл және климаттық технологиялар саласындағы мәселелер, декарбонизация, сондай-ақ, «Орталық Азия - Жапония» диалогы аясындағы ынтымақтастықты нығайту талқыланды. Серіктестер Мемлекет басшысының БҰҰ қамқорлығымен 2026 жылы Астанада  өңірлік климаттық саммит өткізу туралы бастамасын жоғары бағалап, оның маңыздылығын атап өтті”, деп жазды Зүлфия Сулейменова.

Сондай-ақ, Халықаралық экологиялық ынтымақтастық орталығының (OECC) президенті Кадзу Такэмотомен де кездесу өткізді.

 “Жапонияның бірлескен несиелік механизмі (JCM) шеңберінде декарбонизация жобаларын іске асыру перспективалары талқыланды. OECC JCM шеңберінде жобаларды әзірлейтін және верификациялайтын негізгі ұйым болып табылады. Сондай-ақ климаттық және экологиялық технологиялардың трансферті мүмкіндіктері талқыланды”, деді Президент кеңесшісі.

Жапония халықаралық ынтымақтастық банк (JBIC) басқарушы атқарушы директоры Тацуши Аманомен кездесу өткізілгені айтылды. Кездесу барысянда ынтымақтастықты дамыту және банктің Қазақстандағы қызметін кеңейту перспективалары талқыланған. 

“Банк жүзеге асырып жатқан Экономикалық өсу мен табиғатты сақтауды біріктіру жөніндегі жаһандық әрекеті (GREEN) және Жаһандық инвестицияларды кеңейту механизмі талқыланды. Осы бағыттағы диалогты жалғастыру келісілді.

Парламенттің Сыртқы істер вице-министрі Еичи Фуказавамен де әңгіме жүргізілді. Сапар аясында, Жапонияның Ұлттық Саяси зерттеулер институтының президенті Хироко Отамен және атқарушы вице-президент Масако Куросавамен кездесу өткізілді”, деп сөзін қорытындылады.

Пікірлер