Қазақстан Ауғанстанға 1662 тонна гуманитарлық көмек жіберді

2150
Adyrna.kz Telegram
фото: СІМ
фото: СІМ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында «Хайратон» теміржол станциясының аумағына (Ауғанстан, Балх провинциясы) Ауғанстанның Герат провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмектің кезекті партиясы жеткізілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жалпы салмағы 1662 тонна болатын 27 вагоннан тұрады. Онда күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрацтар, көрпелер, жаймалар, жастықтар, жылы киімдер, шатырлар, зығыр маталар, жастық қаптары мен кереуеттер бар.

Ауғанстан

Балх провинциясы губернаторының орынбасары А.Идрисс ауған халқы атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Үкіметі мен қазақ халқына тұрақты және жедел гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, екі ел халқы арасында берік достық байланыс бар екенін атап өтті.

Ауғанстан

Ауғанстан

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер