Алматыда өткен жылы болған жас студент Ақнәр Хамиттің қазасы қоғам назарын аудартқан қайғылы оқиғалардың біріне айналды. 22 жастағы дарынды қыздың өліміне қатысты жантүршігерлік деректер пайда болып, іс бойынша туыстары әділ тергеу жүргізілмей жатқанын алға тартуда, дер хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Былтыр шілде айында түнгі сағат 02:54 шамасында Ақнәр Хамит Алматыдағы Amir тұрғын үй кешенінің 7-қабатынан құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ресми мәліметтерге сәйкес, қылмыстық іс ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қозғалған.
Алайда, марқұмның анасы Гүлістан Хамит қызының өліміне өзге адамдардың қатысы бар деп есептейді. Оның айтуынша, Ақнәрдің денесінен азаптау белгілері анықталған. Мойнында қылқындыру іздері, кеңірдегінде тырналған жерлер, тырнақ пен шаш жұлынған. Анасының айтуынша, бұл қыздың соңғы сәттерінде қатты азап шеккенін көрсетеді.
Ақнәрді өлім түнінде пәтерге Р. және Д. есімді екі қыз алдап шақырған. Қыздар өздерін тауар алушы ретінде көрсетіп, WeChat мессенжерінде арнайы топ құрып, Ақнәрден киім-кешек әкелуді сұраған. Ол саудамен айналысатын болған. Сол түні Ақнәр кешкі 19:40-та пәтерге кіріп, түнгі 02:54-те терезеден құлайды.

Марқұмның анасы сол екі қыздың қызын терезеден итеріп жібергеніне сенімді. Оның айтуынша, бұл туралы бейнежазбаны да өз бетімен тауып, тергеу органдарына тапсырған. Бірақ тергеу әлі нәтиже бермеген. Күдікті ретінде аталған екі қыз уақытша қамауға алыну туралы қаулыға қарамастан, бостандықта жүрген көрінеді.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық көрінісін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Тергеу шеңберінде материалдар жинақталып,
Гүлістан Хамит тергеудің сапасына, әділетсіздікке және істеғы күмәнді шешімдерге наразылық білдіріп отыр. Оның айтуынша, бұрынғы тергеуші мәйіттің жарақаттарын көрсететін фотоларды сараптамаға тапсырмаған. Психологиялық сараптама да анасының берген материалдарын ескермеген. Тергеу барысында USB флешка "ашылмай қалды" деген сылтау айтылған.
Сонымен қатар, ол 20 шілде күні таңғы сағат 11-де қыздардың бірінің 8 млн теңгені Kaspi банкінің бөлімшесінен шешіп алғаны туралы дерекке де полиция тарапынан ресми жауап берілмегенін айтады. Бұл жайт тергеуге кедергі келтіретін жемқорлық факторлары болуы мүмкін деген күдік тудырған.
Ақнәр Хамит – Қытайдан Қазақстанға көшіп келген отбасынан шыққан, өнерлі әрі білімді бойжеткен. Ол КИМЭП университетінде оқыған, бірнеше шет тілін меңгеріп, халықаралық компанияларда жұмыс істеген. Музыка мен кино саласында да танылған. Белсенді, арманы асқақ, еңбекқор қыз болғанын достары мен ұстаздары еске алады.
Қайғыдан қан жұтқан анасы Ақнәрдің өліміне байланысты қылмыстық істің «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» емес, «Адам өлтіру» және «Азаптау» баптары бойынша қайта саралануын талап етуде. Ол ІІМ-ге, Бас прокуратураға, Президент әкімшілігіне бірнеше мәрте хат жолдап, істің әділ қаралуын сұраған.
Бүгінде іс Алматы қалалық Полиция департаментінің қарауында. Ресми органдар тергеу жүріп жатқанын, барлық материалдар жинақталып, талданып жатқанын айтқанымен, нақты нәтиже жоқ.