Авторлық құқық. Қазақстандық фотограф банкке қарсы сотта жеңіп шықты

1238
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/img_4940-960x500.jpeg?token=88ae8d5f61d5c22f60e28e76d91a71cb

2025 жылдың сәуір айының соңында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Лунин Андрей Борисовичтің «Фридом Финанс» акционерлік қоғамына қарсы авторлық құқықты бұзу ісі бойынша талабын қанағаттандырды. Сот шешімімен жауапкерге тиесілі әлеуметтік желі парақшаларынан талапкерге тиесілі фотосуреттерді алып тастау және авторлық құқықты бұзғаны үшін өтемақы төлеу міндеттелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Андрей Лунин – танымал қазақстандық фотограф, «Press House» ЖШС-нің (Forbes Kazakhstan журналы) штаттық қызметкері.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап 2023 жылдың наурызына дейін талапкер жұмыс берушінің (Press House ЖШС) тапсырысы бойынша фотосуреттер түсірген. Атап айтқанда, ол таулардың төбесінде «BANK RBK» жазуы бар ғимараттың жоғарғы бөлігін және Тимур Русланұлы Турловтың фотосуреттерін жасаған. Бұл фотосуреттер кейін forbes.kz сайтындағы мақалаларды безендіру үшін пайдаланылған.

2023 жылдың шілде айында Андрей Лунин авторлық құқықтары өзіне тиесілі бұл фотосуреттердің Instagram желісіндегі ffin.kz және ffin.life аккаунттарында заңсыз қолданылғанын анықтаған. https://ffin.kz/ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бұл домен «Фридом Финанс» АҚ-ға тиесілі. Бұл дерек www.ps.kz сайтындағы ақпаратпен де расталады («Интернет-компания PS» — қазақстандық хостинг және домен тіркеуші).

Жауапкер ffin.kz және ffin.life Instagram парақшаларында талапкердің рұқсатынсыз, автор ретінде есімін көрсетпей фотосуреттерді жариялаған. Бұл

келесі авторлық құқықтарды бұзкға жатады:

  • автордың моральдық құқығы — есімді көрсету құқығы;
  • мүліктік ерекше құқық — туындыны өңдеу, қайта жасау құқығы;
  • мүліктік ерекше құқық — туындыны жұртшылыққа жеткізу құқығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №11 Нормативтік қаулысының 13-1-тармағы).

Осыған байланысты және Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 49-бабының 3-тармағына, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 148–149-баптарына сүйене отырып, талапкер Лунин А.Б. келесі талаптарды қойды:

  1. «Фридом Финанс» АҚ тарапынан ffin.kz және ffin.life аккаунттарында 2020 жылғы 16 маусымда, 2021 жылғы 1 қазанда, 2022 жылғы 12 қаңтарда және 2023 жылғы 16 наурызда заңсыз жарияланған фотосуреттер бойынша авторлық құқықтарының бұзылғанын мойындау;
  2. Құқықты бұзып отырған әрекеттерді тоқтату және бұл фотосуреттерді аталған Instagram парақшаларынан алып тастау;
  3. «Фридом Финанс» АҚ-нан өтемақы өндіру.

Бостандық аудандық соты «Фридом Финанс» акционерлік қоғамына ffin.kz және ffin.life Instagram парақшаларынан 2020 жылғы 16 маусымда, 2021 жылғы 1 қазанда, 2022 жылғы 12 қаңтарда және 2023 жылғы 16 наурызда жарияланған фотосуреттерді жоюды, сондай-ақ авторлық құқықты бұзғаны үшін Лунин Андрей Борисовичтің пайдасына өтемақы төлеуді міндеттеді.

Комментарии